Еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 10-12 қыркүйек күндеріне ауа райы болжамын жасады. 

"Атмосфералық фронттар Қазақстанға әлі де ықпалын тигізуді жалғастыруда. Сондықтан алдағы үш тәулікте оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күн суытады. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда 3°С дейін үсік жүреді деп болжануда. Республиканың тек батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.  

Оның әсерінен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы