Еліміздің бірнеше өңірінде қар аралас жауын жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК мамандары еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады.
26 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі, - делінген хабарламада.
Петропавл қаласында 26 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.
26 қазан Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.
26 қазанда күндіз Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
26 қазанда Ақмола облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі.
Көкшетау қаласында күндіз 26 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркияда коронавирустың таралу қарқыны өсті
Өзгелердің жаңалығы