Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» синоптиктері 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ақмола облысының солтүстігін тұман басады, солтүстік-батысында жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігін, оңтүстік-шығысын тұман басады. Солтүстік-шығыс пен шығыста түнде көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының батысында көктайғақ, солтүстік-шығыс, оңтүстігінде тұман болады. Қостанай облысының оңтүстігінде тұман, солтүстікте, батыста жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді. Таңертең және күндіз аздаған қарлы боран соғады.

Алматы облысының солтүстігін, оңтүстігін, шығысын тұман басады. Ал Жалаңашкөл ауданында жел екпіні секундына 17-22 метр күшейеді.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында, батыста, солтүстікте, Атырау облысының орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, солтүстікте, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысында, Қызылорда облысының орталығында, түнде Қарағанды ​​облысының солтүстігінде тұман түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы