Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады.

"Қазгидромет" мәліметінше, 27 шілдеде Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық 36 градус күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында күндіз екпіні 15-20  күтіледі. Облыстың басым бөлігіндетөтенше өрт қаупі сақталады.       

Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, батысынданайзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе қаласында найзағай күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы