Еліміздің бірнеше аймағында үсік жүреді

Қазақстан бойынша 2024 жылғы 05-07 қыркүйектегі ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМҚ ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, оңтүстік өңірлерде найзағай байқалады: 07 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, республиканың шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 

Тек елдің батысында, солтүстік-батыс антициклон сілемімен, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда тұман күтіледі. 

07 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталықта, 08 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы