Еліміздің бірнеше ауылында әкім сайлауы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақмола облысының Қараөткел ауылдық округі мен Алматы облысының Кеген ауданы, Кеген ауылдық округтерінің әкімі сайланып жатыр.

Кеген ауылдық округінің әкімдігіне 3 кандидат түсті. Бір кандидатты "Нұр Отан" партиясы ұсынды, екі кандидат өзін-өзі ұсынған. Сағат 16-ға дейін сайлаушылардың 17 пайызы ғана дауыс берді. Бұл - аз көрсеткіш. Кешке қарай бұрмалау басталып кете ме деп қауіптеніп, қатаң бақылап отырмыз,-дейді өзін-өзі ұсынған кандидаттардың бірінің сенімді өкілі Мақпал Шадан Азаттық тілшісіне.

Кеген ауылы әкімі сайлауы жөнінде әлеуметтік желіде ақпарат жариялап отырған Мақпал Шаданның сөзінше, сайлау учаскелеріне республикалық қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз бақылаушылар келмеген.

Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінің Азаттыққа айтуынша, Қазақстанның қанша ауылдық округінде сайлау өтіп жатқанын облыстық сайлау комиссиялары біледі.

Бұған дейін Қазақстан билігі өкілеті аяқталған ауыл әкімдері рет-ретімен сайлана беретінін айтқан. Биыл 25 шілдеде Қазақстанда 700-ден астам ауыл әкімі тікелей дауыс беру арқылы сайланған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы