Еліміздің бидай экспорты 40 пайызға төмендеген
Биыл әлемдегі бидай нарығында бірқатар өзгеріс болмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сарапшылар ауа райының қолайсыздығынан Еуропа, Оңтүстік Африка және Украинада бидай өндірісі төмендейді деп болжап отыр. Мәселен Ресейдің бидай бойынша экспорттық әлеуеті 2024-2025 жылдары 53 млн тонна көлемінде болады, бұл өткен маусыммен салыстырғанда 10,1%-ға аз. Қазақстанның қаңтар-тамыз айларындағы бидай экспорты 3,13 млн тонна болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 39,2%-ға төмендеген, – деді вице-министр.
Төребаев елімізде бидай экспортының төмендеуіне екі себеп бар дейді. Біршісі - былтырғы өнімнің аздығы. Екіншісі - дәстүрлі экспорттық нарықтарда бәсекелестіктің күшеюі.
Біз бидай экспорттық нарықтарының географиясының тарылуын байқап отырмыз. Негізгі экспорттық нарықтар - Италия, Түркменстан жәнеАуғанстан, Ресей Қазақстанның бидайын тұтынуды бірнеше есеге азайтты. Бұл экспорттық бағалардың демпингімен байланысты болды, ол қазақстандық бидайдың Орталық Азиядағы негізгі экспорттық нарықтарда ауыстырылуына себеп болды, – деді Қайрат Төребаев.
Еске салайық, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қай облыстарда егін бітік шыққаннын айтқан еді.