Еліміздің бес облысында жол жабылды
Бес облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
Бес облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
Ақмола облысында - 1 учаске.
1. "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 1292-1353 шақырымы. Жібек жолы ақы алу пункті - Қарағанды облысы шекарасы – 61 шақырымы.
Шығыс Қазақстан облысында - 1 учаске.
1."Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасфы" 105-123 шақырымы. Шемонайха қаласынан - РФ шекарасына дейін -18 шақырым.
Қарағанды облысында - 5 учаске.
1. "Екатеринбург-Алматы" 1353-1426 км. Ақмола облысы шекарасынан - Теміртау ақы алу пункті -73 шақырым.
2. "Екатеринбург - Алматы" 1505-1854 км. Новостройка ауылынан-Балқаш қаласына дейін - 349 км.
3. "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" 104-266 шақырымы. Нұра кентінен - Теміртау қаласынан дейін – 162 шақырым.
4. "Екатеринбург-Алматы" 1445-1459 шақырым. Теміртау қаласынан-Қарағанды қаласына дейін -14 шақырым.
5. "Бастау-Ақтау-Теміртау" 0-53 шақырым, Бастау ауылынан - Теміртау қаласына дейін - 53 шақырым.
Қостанай облысында - 1 учаске.
1. "Жезқазған-Петропавл" 252-335 шақырым. Ұлытау облысы шекарасынан - Арқалық қаласына дейін - 83 шақырым.
Ұлытау облысында - 2 учаске.
1. "Жезқазған-Петропавл" 64-137 шақырым. Жезді кентінен-Ұлытау ауылына дейін - 73 шақырым.
2. "Жезқазған-Петропавл" 137-252 шақырым. Ұлытау ауылынан- Қостанай облысы шекарасына - 115 шақырым.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға463 техника және 754 адам жұмылдырылды.