Еліміздің бес кәсіпорны Сауд арабиясына ет экспорттайды

5  қазақстандық кәсіпорын Сауд Арабиясына сиыр еті мен қой етін экспорттауға арналған тізімге енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желіде жазды.

5  қазақстандық кәсіпорын Сауд Арабиясына сиыр еті мен қой етін экспорттауға арналған тізімге енгізілді. Бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына сапары аясында отандық ет экспорттаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын құжаттарға қол қойылды. Осылайша, сиыр еті мен қой еті импортына қойылатын санитариялық және техникалық талаптар Хаттамасы отандық ет өнімдерін өндірушілердің САК нарығына қол жеткізуі кезінде мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті, – деді Сұлтанов.

Жүргізілген жедел жұмыстардың арқасында ағымдағы жылдың 4 тамызында ет өнімдерін экспорттауға рұқсаты бар компаниялардың тізіліміне 5 қазақстандық ет өңдеуші кәсіпорын – «Алтын-қазық компаниясы» ЖШС, «Ақтөбе ет кластері» ЖШС, «EMPIRE FOOD» ЖШС, «Кублей» ЖШС, «Meat Processing and Service» ЖШС енгізілді.

«QazTrade» АҚ қазақстандық компаниялардың САК нарығына шығуға мүдделі болған жағдайда, САК ет өңдеу кәсіпорындарын Тізілімге енгізу бойынша барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы