Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 6-8 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы мереке күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, осыған байланысты жаңбыр жауады, найзағаймен және екпінді жел күтіледі, қатты жаңбыр 6-7 шілдеде орталықта, оңтүстік-шығыста, 6-8 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Батыста, оңтүстікте күндізгі температураның біртіндеп жоғарылауы болжануда +33+42°С, ал еліміздің қалған бөлігінде ауа температурасы солтүстік-батыста және орталықта +22+ 35°С дейін, солтүстікте +23+30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін аздап төмендейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы