Еліміздің батысында бұршақ жауып, қатты дауыл соғады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Батыс Қазақстан өңірінде дауылды ескерту жасады.
27 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Орал қаласында 27 шілдеде найзағай, дауыл, бұршақ жауады, сонымен қатар солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с жетеді.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.
"27 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерінде желдің күші 18 м/с жетеді. Ақтөбе қаласы 27 шілдеде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95 %", - делінген хабарламада.
27 шілдеде Атырау облысында кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Атырау қаласында 27 шілдеде найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.