Еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, күн жылынады
Алдағы үш тәулікте жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар атлантикалық циклон әсерінен елімізде жаңбыр мен қар мол түседі, ал солтүстік-батыс пен солтүстік өңірде көктайғақ, тұман, екпінді жел, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Елдің тек оңтүстік-шығысында, 28 ақпан мен 1 наурызда шығыста атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Сондай-ақ республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
Қазақстанның солтүстік бөлігінде күндіз термометр көрсеткіші 3-5 градусқа дейін жоғарылайды, ал оңтүстік жартысында - 15-20 градусқа дейін жылынады. Республиканың батысы мен солтүстік-батысында ғана күндіз ауа температурасы 0-10 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі ықтимал, - деп болжайды синоптиктер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігін таратып жіберді
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы