Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2021 жылғы 05 қарашада болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау мәліметі жарияланды.
Суық антициклон Қазақстан территориясына өз әсерін сақтайды – жауын-шашынсыз ауа райы мен төмен ауа температурасы күтіледі. Тек оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады, жаяу бұрқасын күтіледі. Республиканың басым бөлігінде желдің күшеюі, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды даулмен, солтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігі, батысы мен таулы аударында желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі, солтүстігінде – шаңды дауылмен бірге күтіледі. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшейюі, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде түнде және таңертең тұман, Алакөл көлдері маңайында желдің 17-22 м/с күшеюі күтіледі.
Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде желдің 15-20 м/с күщеюі, орталығында шаңды дауылмен бірге күтіледі. Маңғыстау облысының оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі шаңды дауылмен бірге күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстік-шығысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең солтүстік-батысында тұман күтіледі. Қостанай облысының батысында тұман, солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысында солтүстігінде тұман күтіледі.