Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.  

Батыс циклонның шұңқырымен және атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауады. 

Батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 14 мамырға жақын елдің солтүстігінде және орталығында нөсер болады.

Найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрып, жел күшейеді, ал оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл болады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы