Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, еліміздің солтүстік өңірінде қатты жаңбыр болады.

Республикамыздың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі сағаттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің шығысында-түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз қатты жаңбыр, батыста қатты жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, батыста, оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі, - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлова.

СҚО-да ауа температурасы 2-7 градус, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында 5-12 градус, елдің орталығы мен шығысында 8-18 градус, Жетісу және Алматы облыстарында 10-17 градус, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 16-21 градус, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында 17-25 градус жылы болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы