Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша 2022 жылғы 05-07 шілдедегі ауа райы болжамы туралы ақпарат жарияланды.
Қазақстанның көптеген өңірлерінің ауа-райына Оңтүстік циклон әсер етеді – желді болады, жаңбыр жауады: 05 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста, солтүстікте, 06 шілдеде солтүстік-батыста, республиканың орталығында қатты жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
07 шілдеде еліміздің батыс өңірлерінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашынның тоқтауы күтілуде.
Ауа температурасының күндіз батыста +18+26°С-тан +23+31°С-қа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін жоғарылауы болжанады, Маңғыстау облысында +23+28°С, Маңғыстау облысының оңтүстігінде +31°с, елдің орталығында +20+28°С, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде +33°С, республиканың шығысында ауа температурасы +22+29°С, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +33°С, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37°С-тан +25+33°С-қа дейін төмендеуі, елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28+33°С, таулы аудандарда +23°С күтіледі.