Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 26 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Атмосфералық ауа ағындардың әсерінен Қазақстан территориясын басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауылмен бірге күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігі мен қиыр солтүстігінде антициклон жотасының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Ақтөбе облысының орталығы мен батысында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде орталығы мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. 

Маңғыстау облысының шығысы мен оңтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз шығысында шаңды дауыл соғады Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. 

Атырау облысының оңтүстік-батысы мен орталағанда желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Ақмола облысының солүстік-батысы мен шығысында, Қостанай, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында, түнде Шығыс Қазақстан оңтүстігінде тұман түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы