Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен, Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады.
Жаңбыр жауады, оңтүстік жартыда найзағаймен, екпінді желмен бірге нөсер болады деп болжанады.
Республиканың солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болмақ.
Елде тұман, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болады. Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасының ауытқуы 10-18-ден 18-26-ға дейін, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде — 10-17-ден 15-26-ға дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында термометрлер 22-32-ге дейін көтеріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақ сарбазының өлімі. Қырғыз Республикасы тергеу іс-шараларын бастады - ҰҚК Шекара қызметі
Келесі жаңалық
Катонқарағай ұлттық паркінде өртке қарсы жаттығулар өтті
Өзгелердің жаңалығы