Еліміздің басым бөлігінде тұманды болып, жаңбыр жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фронталды аумақтың әсерінен республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында жел күшейіп, тұман түседі.
Алматы облысының Алакөл аудандарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарын тұман басады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пневмониядан 4 адам көз жұмды
Өзгелердің жаңалығы