Еліміздің басым бөлігінде тұман мен көктайғақ болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 27-ші наурызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын Қазгидромет жариялады.

Республиканың басым бөлігінің ауа райына Оңтүстік циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронтальды бөліктер әсерін тигізеді. Осыған байланысты республиканың барлық облыстарында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жауын-шашын, солтүстік, шығыс аудандарда көбінесе қар түрінде, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады,  солтүсте, солтүстік-батыста, шығыста жаяу бұрқасын бақыланады.

 Ақмола облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы облысының таулы аудандарында тұман болады, облыстың оңтүстігімен шығысында жел 15-20, екпіні 25 м/с. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел 15-20, таулы асуларда екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Батыс Казақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман, күндіз көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с соғады. 

Атырау облысының басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с соғады, түнде облысың шығысында тұман күтіледі. Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіліеді. Ақтөбе облысының орталығында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман болады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с соғады. 

Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын,солтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз оңтүстігі мен батысында жел 15-20 м/с күтіледі.Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, солтүстігінде, оңтүстігінде орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстігі мен орталығында жел 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының батысы ме солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі, облыстың батысында, оңтүстік-батысында және орталығында жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с соғады. 

Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы