Еліміздің басым бөлігінде қатты жел тұрып, найзағай ойнайды

12 мамырда Қазақстанның 11 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр жауады. Түнде өңірдің оңтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз батыс, солтүстік аумақта найзағай жарқылдап, күн күркірейді. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз облыстың орталығында, батысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Орал қаласында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз өңірдің оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте күндіз найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.

Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының орталығында, батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең аймақтың солтүстік жартысында тұман болады. Күндіз облыстың орталығында, батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында топырақ беті қатып, үсік жүреді, сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендейді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қостанайда түнде және таңертең тұман болады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay
Өзгелердің жаңалығы