Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Синоптиктер 7 наурызға арналған ел аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Болжамға сәйкес, республикамыз бойынша боран, тұман, көктайғақ, жел сынды ортақ табиғи құбылыстар белең алады деп күтіледі.
Елдегі ауа райын солтүстік-батыс циклоны айқындайтын болады, осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты, атап айтқанда, еліміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады деп күтіледі, - делінген болжамда.
Сондай-ақ күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да көпке күшейеді деп күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теңіздегі дүрбелең: Жүздеген адам кемеден секірді
Келесі жаңалық
Грузияда жүз күннен бері наразылық шаралары жалғасуда - DW
Өзгелердің жаңалығы