Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, дауыл соғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады.

28 тамызда Атырау облысының кей жерінде күндіз жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 80-85%.

Күндіз 28 тамызда Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

28 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-100%, - делінген хабарламада.

28 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Өскеменде күндіз 28 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Семейде күндіз 28 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Күндіз 28 тамызда Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз жел оңтүстіктен соғады кей жерде 15-20 м/с.

Оралда күндіз 28 тамызда жел оңтүстіктен соғады екпіні 18 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.

Түнде 28, күндіз 30, 31 тамызда Жамбыл облысында кей жерде найзағай, дауыл, тұман, 28-31 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.  

Таразда күндіз 31 тамызда кей уақытта найзағай, дауыл, күндіз 28, 29 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК 2020 жылғы 26 тамыздағы № 8 дауылды ескерту негізінде 2020 жылдың 26 тамызның сағат 21:00-ден бастап 27 тамыздың 21:00 сағағат аралығында Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан найзағай кезінде жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Дауылдың ықтималдығы - 90-95%, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы