Еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 қазан күні антициклон жотасы әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.
Республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын болады.
Ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыс бөліктегі таулы аудандарда нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады.
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының Алакөл ауданында жел секундына 17-22 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 27 м/с болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метге дейін күшейеді.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының оңтүстік - батысында тұман түсуі ықтимал.