Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Қазақстан бойынша 2023 жылғы 19-21 қазанға арналған ауа райы болжамын Қазгидромет ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттарға байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі күтіледі.
Тек оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда ауа-райы әлі де ашық болады.
Түнде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы 2 градуске дейін төмендейді. Күндізгі уақытта еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы 10 - 15 градустан 5 градуске дейін төмендейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы