Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 20-22 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
20-21 қазан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз және жылы болады.
Бірақ кезекті солтүстік-батыс циклонының келуімен жауын-шашынды болмақ. Республиканың солтүстігінде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп және ауа температурасы төмендейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Жапония СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Өзгелердің жаңалығы