Еліміздің барлық аймағында жауын-шашын күтіледі – Қазгидромет

Екінші онкүндік бойы елдің бүкіл аумағында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы “Қазгидромет” РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты.

Онкүндіктіктің басында елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде - қарға ауысатын жаңбыр, күндіз жаңбыр, тұман болжануда. 12 сәуірде елдің шығысында кейде қатты жауын-шашын болады деп болжануда. Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарының таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Республика бойынша желдің 15-28 м/с дейін күшеюі күтілуде. Кейбір күндері жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтатылуы күтіледі. Сондай-ақ желдің күшеюі күтілуде,-деді маман.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы