Еліміздің азаматтарында қанша көлік бар?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан азаматтарында жалпы саны - 5 408 066 көлік құралы бар екенін мәлім қылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде 82,1% бензин, 7,1% дизель, 0,2% газды тұтынады.

2024 жылғы наурызда есепке 142 мың бірлік автокөлік қойылған. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6% кем болып шықты.

Наурыз айында тіркелген көліктердің ішінде шыққан жылы 20 жылдан асатын автомобильдер үлесі көп – 35,2%, 3 жылдан аспайтын мерзімдегі жаңа автомобильдердің үлесі - 7,3% құрады.

Қазақстанда 100 адамға 22,6 жеңіл автокөліктен келеді, ең жоғары көрсеткіш ШҚО-да – 100 адамға 39,1 автомобиль, ең азы Жетісу облысында – 100 адамға шаққанда 6,8 көліктен, - делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктердің саны 5 408,1 мың екені анықталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы