Еліміздің авиакомпаниясы паркі жаңа «A320neo» әуе кемесімен толықты
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша әуе кемелер паркін ұлғайту және қазақстандық авиакомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ағымдағы жылғы 24 желтоқсанда «Fly Arystan» авиакомпаниясы «A320neo» әуе кемесін алды. Сыйымдылығы 188 орындық бұл ұшақ флоттағы 14-ші және осыған ұқсас сыйымдылығы бар үшінші ұшақ. Әуе кемесі қоршаған ортадағы CO2 шығарындыларын және дыбыс ізін азайтуға мүмкіндік беретін қозғалтқышпен жабдықталған.
Осылайша, ағымдағы жылғы тамыз айынан бастап қазақстандық авиакомпаниялар сыйымдылығы 166-дан 213 креслоға дейінгі жаңа 12 ұшақ алды.
Әуе кемелерін пайдалануға беру авиакомпаниялардың жолаушылар тасымалы көлемінің ұлғаюына, сондай-ақ кесте мен билеттер ұсынысының уақытылы орындалуына оң әсерін тигізеді.
Қазақстандық әуекомпаниялардың ӘК паркін кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасуда және ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы