Еліміздің әуекомпаниясының паркі тағы бір жаңа әуе кемесімен толықты
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтің тапсырмасы бойынша Азаматтық авиация комитетінің қазақстандық әуекомпаниялармен әуе кемелер паркін өсіру, тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту және рейстердің кешігу санын азайтудағы жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15 қазанда "Эйр Астана" әуекомпаниясының "А321LR" жаңа әуе кемесі келді. Бұл ұшақ (сыйымдылығы 166 кресло, 15 бизнес және 150 эконом класстағы орын) әуе компанияның кемелер паркін 28 бірлікке дейін, оның ішінде "A321LR" үлгісіндегі 9 әуе кемесіне дейін үлкейтеді.
Әуе кемесін пайдалануға беру авиакомпанияның тасымалдау сыйымдылығына және кесте мен әуе билеттер ұсынысының уақтылы орындалуына оң әсер етеді. Ағымдағы жылдың соңына дейін отандық тұрақты тасымалдаушылар паркі тағы 7 ұшаққа толықтырылады, осылайша қазақстандық әуекомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығы 20% ға ұлғаяды, бұл да ұшуларды уақытылы орындауға оң әсер етеді.
Қазақстан әуекомпанияларының әуе кемелер паркін кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда және ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.