Еліміздің алты өңірі «қызыл» аймақта

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Қазақстан өңірлерінде 3 сәуірдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасындағы деректерге сүйенсек, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары тұр.

Ал «сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары бар.

Қалған өңірдің барлығы «жасыл» аймақта.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы