Еліміздің 9 оқушысы Еуропа университетінің грантын иеленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғаш рет 2022 жылғы IQanat 9 түлегі Еуропаның Vitautus Magnus University (Литва) университетінде оқуға 100% грант иегері атанды. 

Тағы 15 түлек Назарбаев Университетіне грантты еншіледі. 

Өткен жылы IQanat High School of Burabay түлектерінің 85%-ы қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына грантқа түсті. 2022 жылғы жалпы қабылдау нәтижелері тамыз айында белгілі болады.

«Iqanat» олимпиадасы және Қордың басқа да білім беру бағдарламалары ауылдан келген мыңдаған балаларға ең жоғары технологиялы мектептердің бірі - IQanat High School of Burabay-ға оқуға қабылдану, мықты педагогтармен қарым-қатынас жасаудың баға жетпес тәжірибесін алу, жаңа достар табу, жалпы өмір сүру деңгейін арттыру мен нәтижесінде ауыл балаларының үздік жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігін береді.

Соңғы 4 жылда Қор бүкіл Қазақстан бойынша таралған 152 мыңға жуық ауыл оқушысын қамтыды. Бұл балалардың барлығына сапалы білім алуға жол ашылды.

Қордың білім беру бағдарламалары тек үздік оқушыларға ғана емес, өз қатарластарына жетіп, деңгейін көтергісі келетін өскелең ұрпақ өкілдеріне де арналған. 

Мұның бәрі ауыл балаларына қамқорлық танытуға бей-жай қарамайтын 95 кәсіпкердің қолдауы мен қосқан үлесінің арқасында мүмкін болып отыр. IQanat қоры еліміздің басқа да бизнесмендерін осындай маңызды мұратқа атсалысуға шақырады.

Дамир Айбасов

Тоғыз оқушының тізімі:

ТАӘ

ОБЛЫС, АУДАН

БАҒДАРЛАМА

IQANAT МЕКТЕБІ

1

Қожағұлова ЖәмиләАлматы, ЖамбылЕсеп және қаржыIQHSB мектебі

2

Байғазы БақытЖамбыл, ҚордайҚолданбалы математикаIQHSB мектебі

3

Омарова ӘлияАтырау облысыМәдениет, қоғам және коммуникацияIQHSB мектебі

4

Ералиев ЕлнұрШҚО, ТарбағатайАғылшын филологиясыIQHSB мектебі

5

Құмарұлы ІлиясШҚО, ЗайсанХалықаралық саясатIQHSB мектебі

6

Оңғар АружанАтырау, ИндерМәдениет, қоғам және коммуникацияIQHSB мектебі

7

Бүркітбай АрайлымСҚО, ШалақынЕсеп және қаржыIQ IP білім беру бағдарламасы

8

Айбасов ДамирҚарағанды, Бұқар жырауМәдениет, қоғам және коммуникацияIQ IP білім беру бағдарламасы

9

Құрматуллаева ҚарлығашАлматы, ҚарасайЕсеп және қаржыIQ IP білім беру бағдарламасы
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы