Еліміздің 8 өңірінде жол жабылды
17 ақпан сағат 10:00-дегі жағдайға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 8 өңіріндегі 15 тас жолда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 411 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:
- «Омбы-Майқапшағай» - Қалбатау а.-Боғас а.
- «Қарағанды-Аягөз-Боғас» - Аягөз қ.-Боғас а.
Алматы облысында (қар, ауа температурасының төмендеуі) жалпы ұзындығы 99 шақырым болатын 2 автомобиль жолында:
- «Алматау турбазасына кіреберіс аймақ»;
- «Алматы-Ташкент-Термез» - Жаңақұрылыс-Жамбыл обл.шекарасы
Шығыс Қазақстан облысында (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, қар көшкіні қаупі) жалпы ұзындығы 589 шақырымды құрайтын 4 автомобиль жолында:
- «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» Белоусовка к.-Риддер қ.
- «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары»
- «Омбы-Майқапшағай» - Абай обл.шекарасы-Зайсан қ.-Үлкен Қаратал а.-ҚХР шекарасы
- «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл» Дайыр а.-Марқакөл а.
Жамбыл облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 174 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:
- «Алматы-Ташкент-Термез» Алматы обл.шекарасы-Қайнар а., Кенен а.
Қозғалыс балама жол – ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.
Жетісу облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 123 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:
- «Үшарал-Достық» Көктума б.-Достық б.
- «Сарыөзек-Көктал» Алтын Емел асуы
Қостанай облысында (Ұлытау облысында ауа-райының нашарлауына байланысты) жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:
- «Жезқазған-Петропавл» Ұлытау обл.шекарасы-Арқалық қ.
Солтүстік Қазақстан облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 230 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:
- «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» Возвышенка а.-Рощинское а.
- «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омбы)» Кішкене көл-РФ шекарасы
Ұлытау облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында
- «Жезқазған-Петропавл» Ұлытау к.-Қостанай обл.шекарасы:
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, қазіргі уақытта республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 336 арнайы техника мен 539 қызметкер жұмылдырылды.