Еліміздің 7 облысында ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет РМК 20 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.
Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Солтүстіктен, солтүстіктен-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с артады.
20, 21 қазан күндері Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде 1 градус үсік жүреді.