Еліміздің 7 облысында ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 6 наурыз күнгі ауа райына байланысты Қазақстанның 7 облысында ескерту жариялады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Қызылорда қаласында ертең кей уақытта тұман түседі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Көкшетауда ертең кей уақыттарда жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді.
Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Қостанай қаласында ертең түнде және күндіз боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жаууы ықтимал. Кей жерлерде тұман түседі, бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда ертең боран соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде түстен кейін найзағай ойнайды. Түнде кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. 6 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Оралда ертең тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с жетеді.