Еліміздің 7 облысында ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 27-28 қазан күндеріне орай еліміздің жеті облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз және таңертең оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады. Жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с асып кетуі ықтимал.
27 қазанда тәулік бойы, 28 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болады. Кей жерлерде нөмер жаңбыр жауып арты қарға ұласады. Тәулік бойы кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, 15-20, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Петропавлда көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күші 15-20 м/с, 27 қазанда күндіз, 28 қазанда түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жезқазған қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Ақтөбе қаласында көктайғақ, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз екпіні 23 м/с болады.
Қызылорда қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерлерде жаңбыр, қалың қар жауады. Тұман, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Көкшетау қаласында кей кездері тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде күші кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Өскеменде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Семейде оңтүстік- шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.