Еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше облыста дауылды ескерту жасады.
26 маусымда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.
Қызылорда қаласында 26 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-100%.
26 маусымда Атырау облысында солтүстіктен соғатын жел түнде көп бөлігінде, күндіз кей жерінде 15-20 м/с күтіледі.
Атырау қаласында 25 маусымда солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 80-85%.
26 маусымда Қостанай облысының кей жерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с
күтіледі.
Қостанай қаласында 26 маусымда найзағай, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.
26 маусымда Ақмола облысының кей жерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады, - делінген хабарламада.
Көкшетау қаласында 26 маусымда найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.
26 маусымда Батыс Қазақстан облысында кей жерде солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Орал қаласында 26 маусымда солтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.
Күндіз 26 маусымда Алматы облысында 36 градус қатты ыстық күтіледі.
Күндіз 26 маусымда Талдыкорган қаласында 36 градусқа дейің қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%.
26 маусымда күндіз Маңғыстау облысында кей жерде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.
Ақтау қаласында 26 маусымда күндіз шаңды дауыл, солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.