Еліміздің 4 облысы арқылы өтетін Бішкек – Мәскеу пойызы 18 желтоқсаннан бастап жолаушы тасымалдайды
2025 жылы іске қосылатын Бішкек – Казань, Бішкек – Новосібір пойыздары да Қазақстан арқылы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылы іске қосылатын Бішкек – Казань, Бішкек – Новосібір пойыздары да Қазақстан арқылы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан, Қырғызстан және Ресей темір жолдары кәсіпорындарының ортақ келісімі бойынша Бішкек – Мәскеу пойызы биылғы 18 желтоқсаннан бастап аптасына екі мәрте қатынайтын болды. Бұған дейін Қырғызстанның Транспорт және коммуникация министрлігі бұл бағыт 2025 жылы ашылатынын хабарлаған болатын. Бұл шешімге түзетулер енгізілді.
Бішкек – Мәскеу пойызы аптасына екі рет жолаушы тасымалдайды және Қазақстанның Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстары арқылы өтеді. Бішкектен Мәскеуге дейінгі жалпы жол ұзақтығы 4 тәулікке созылады.
Еске салайық, Covid-19 коронавирусына қатысты шектеулерге байланысты бұл бағытта пойыз қатынауын тоқтатқан болатын. Ал пандемиядан кейін пойыз Ресейдің Самара қаласындағы станциясына дейін қатынады.
Сондай-ақ Қырғызстан темір жолы кәсіпорнының хабарлауынша, 2025 жылы Бішкек – Казань, Бішкек – Новосібір пойыздары да жолаушы тасымалдайды. Бұл пойыздар да Қазақстан аумағы арқылы өтетінін еске саламыз.
- Еуропада газ бағасы шарықтады: 2022 жылдан бергі рекорд жаңарды 19:53
- IMD World Competitiveness 2026: Қазақстан экономикалық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде ТМД елдері арасында топ жарды 19:40
- Үш күнге арналға ауа райы болжамы: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 19:32
- Қазақстан мен Өзбекстан транзитті жеңілдетуге келісті 19:00
- Жасөспірімге тағайындалған бір жылдық түрме жазасы қоғамдық жұмысқа ауыстырылды 18:36
- Президент БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдады 18:20
- Ақтауда балалар жолақысын қымбат төлеп келген: Прокуратура араласты 18:07