Еліміздің 3 өңірінде жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 3 өңірінде жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысындағы Жүргенов ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі тасжол бөлігі көліктің барлық түрі үшін жабық. 

Сондай-ақ «Қарабұтақ-Денисовка-Қостанай»  тасжолының Ақтөбе облысымен шекарасынан Денисовка ауылына дейінгі аралықта көлік қатынасы тоқтады. 

Сонымен қатар Қарағанды облысындағы «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейінгі учаскеде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы