Еліміздің 3 өңірінде су тасқыны болады – Қазгидромет

Қазгидромет алдағы күндері 3 өңірдегі өзендер суының көтерілетіндігі туралы мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

13-15 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжанады. Сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы салдарынан өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін. Бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы ескертіледі, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы