Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер 3 қыркүйекте Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түнде Қарағанды облысының шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында түнде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола облысының солтүстік жартысында, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Астанада күннің екінші жартысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстаң, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавл қаласында күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 16 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында Алакөл көлдері ауданында шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды. 3-5 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 3-5 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодар қаласында батыстан жел соғады, түнде және таңертең соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы