Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның 13 облысында 11 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының батысында, солтүстігінде жоғары, облыстың ортылығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
11 қыркүйекте түнде және таңертен Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түнде және таңертен Абай облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының орталығында шығыстан жел соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды деп күтіледі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таразда күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі, областың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.