Еліміздің 13 азаматы мен олардың отбасы Түркиядан ұшақпен елімізге қайтарылды
Түркиядағы 13 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері Қазақстанға жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Түркиядағы Қазақстан елшілігі Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.
«Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен Түркиядағы жер сілкінісі болған аймақтардан жиналған 13 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері және 2 Түркия азаматы Қазақстаннан келген ұшақпен Алматыға қайтарылды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, соңғы мәлімет бойынша, Түркияда 38 мыңнан астам, Сирияда 6 мыңға жуық адам жер сілкінісінің құрбаны болды.
Қазақстан Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек ретінде 1 миллион доллар бөлді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы