Еліміздің 11 облысында жол жабылды
15 ақпан сағат 09:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 25 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі көлік қозғалысына шектеу қойылған республикалық маңызы бар жолдардың тізімін ұсынды:
Абай облысында - 4 учаске (379 км)
Ақтөбе облысында – 3 учаске (525 км)
Алматы облысында - 1 учаске (84 км)
Шығыс Қазақстан облысында – 7 учаске (511 км)
Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)
Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)
Қостанай облысында - 1 учаске (83 км)
Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км)
Солтүстік Қазақстан облысында - 2 учаске (249 км)
Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)
Ұлытау облысында - 2 учаске (438 км)
Айта кетейік, қазір республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 349 бірлік техника және 543 жолшы жұмылдырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мектептерге шабуыл жасау туралы хабарлама. Шетелдіктердің қатысы бар екені анықталды
Келесі жаңалық
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Өзгелердің жаңалығы