Еліміздің жолдарында бір тәулікте 750-ден астам адам құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар орталығында ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздегі тас жолдарындағы жағдай бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты құтқару қызметтері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі кезде еліміздің 9 облысында 52 жол бөлігінде ұзындығы 6616 шақырым жол жабық. Күн ашылған кезде жолдарды бірден тазалап жатырмыз. Ең көп жол Ақмола облысында жабық. Республика бойынша барлық жолдарда 727 арнайы техника жұмыс істеуде. Құзырлы мекемелер 300-ге жуық техника мен адам құтқарды. Нақты айтар болсам, Қарағанды облысы бойынша 45 көлікті, Ақмола облысында 150, СҚО 7, Павлодар облысы 10, Қостанай облысы 70 және Ақтөбе облысы бойынша 19 көлікті аман алып шықтық, - деді "Қазавтожол" ҰК АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов.
Оның айтуыша, төтенше жағдай болған кезде 1403 нөміріне хабарласуға болады. Қызметкерлер жолда тұрып қалғандарға барып, жолды тазалап көлігімен бірге шығарып алады, болмаса адамдардың өзін құтқаруға бар күшін салады. Алайда жүргізушілерге жолға шықпауға, шыққан күннің өзінде жылдамдық және ара қашықтық режимін барынша сақтауға кеңес береді.
Ел бойынша бір тәулік ішінде 750-ден астам адам құтқарылып, 1,5 мың көлік шығарылды. Алайда қазірдің өзінде 500-ден астам автомобиль қар құрсауында қалып отыр. Қарды тазалау әзірге мүмкін болмай тұр. Сол үшін қосымша көмек ретінде Қорғаныс министрлігі де тартылды. Ауа райы жақсарған сәтте көліктерді шығаруды жалғастырамыз, - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.
Синоптиктердің мәліметі бойынша, қар жауу қаңтар айының соңында тоқтайды да, күн суыта бастайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Отбасылық саясатты дамытудың екінші сатысы басталады
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы