Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Күндіз 24 маусымда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Түнде 24 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 24 маусымда түнде және таңертең Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.  23 маусымда Маңғыстау облысында күндіз 39 градус қатты ыстық күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы