Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 қазанда Қазақстанның төрт қаласында ауа ластанады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«Нұр-Сұлтан, Теміртау, Өскемен және Қарағанды қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа шаһарларында метеожағдай ойдағыдай болады», - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы