Еліміздің солтүстік аймағында күн жылынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6-8 маусымда еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасы қайта көтеріледі, деп хабаралды "Қазгидромет" РМК.

Аз қозғалмалы антициклон Қазақстанның солтүстік аудандарында орналасты. Жақын күндері ол республиканың басым бөлігінде жақсы ауа райын сақтайды. 

Солтүстік және орталық өңірлерде температура түнде 5 - 10 бастап 10 -15 градуске дейін, күндіз 18- 23 бастап 25-30 градуске дейін жоғарылай бастайды. Қазақстанның батысы мен шығысында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі ықтимал, - делінген ақпаратта.
Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы