Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, 22 қазанда еліміздің Қарағанды, Теміртау және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Ал Ақтөбе, Алматы, Балқаш, Тараз, Нұр-Сұлтан, Өскеменде метеожағдай ойдағыдай болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы