Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. 

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, Атырау, Қызылорда және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы